Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің кәсіби мейрамы. Ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында аудандық «Құлан таңы» газеті жыл сайын арнайы бет әзірлеуді үрдіске айналдырып келеді. Биыл да сол үрдісті жалғастырмақ ниетпен 82 жылдық тарихы бар аудандық басылымның журналистері сала қызметкерлерімен жүздесіп, тілдескен болатын. Олай болса, әріптестеріміз дайындаған материалдарға зер салыңыз.
Біз әуелі аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Мырзалиев Шындос Кершайызұлымен әңгімелестік. Ол мынадай мәліметтерді айтып берді бізге. «Аудандық орталық аурухана құрамына 1 аудандық емхана, 1 ауылдық емхана (Луговой), 14 дәрігерлік амбулатория біріктірілген. Дәрігерлік амбулатория құрамында 5 фельдшерлік -акушерлік пункт, 13 медпункт бар. Аурухана құрамындағы емдеу мекемелерінің 27-cі, яғни 77,1 пайызы типті ғимаратта орналасқан. Ал кадр мәселесі жөнінде сөз қозғайтын болсақ, аудан емдеу мекемелерінде 116 дәрігер және 480 орта буынды медицина қызметкері жұмыс істейді. Аудан тұрғындарын дәрігерлермен қамтамасыз ету көрсеткіші – 18,6 пайыз. 2020 жылы бұл көрсеткіш – 17,6 пайыз болған.
Амбулаторлы– емханалық ұйымдарда 88 дәрігер жұмыс істейді. Оның 36-ы жалпы тәжірибелік дәрігерлер. Әр жалпы тәжірибелік аймақта 1592 тұрғыннан тіркелген. Дегенмен ауданда әлі де 6 дәрігер жетіспеушілігі бар. 2021 жылы 11 жас маман жұмысқа келді. Оның 4-еуі резидентураға түсуіне байланысты жұмыстан босады. Қалған мамандар облыстық денсаулық сақтау басқармасынан және республикалық бюджет есебінен «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған әлеуметтік көмектер алды. 2020 жылы да 11 жас маман келген болатын. Оның 6-ауы резидентураға түсті. 2021 жылы арнайы дайындықтан өткізу арқылы 39 мейірбике оқытылып, әмбебап патронажды қызмет жұмысы күшейтілді.
Қуанышты жаңалығымыз да бар. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаңатұрмыс және Жақсылық ауылдарына жергілікті тұрғындар асыға күткен жаңа дәрігерлік амбулатория соғылып жатыр.
2021 жылы аудандық орталық ауруханаға барлығы 309,1 млн. теңгенің медициналық құрал жабдықтары алынды. Компьютерлі томограф аппараты, аудандық емханаға бейнеқондырғы системасы бар эндоскопиялық аппарат, эксперт класты УЗИ аппарат, СМАД, телекардиограф және т.б. Нәтижесінде жарақтандыру көрсеткіші 2021 жылы 90,1 пайыз болды. Барлық бастапқы медициналық- санитариялық ұйымдар толық 100 пайыз санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілген.
Аудандық орталық аурухана бойынша коронавирус ауруының таралуына жол бермеу мақсатында екпе егу жұмыстары ұйымдастырылып, 33120 адамға 1-ші тур екпе салынды. Жоспар 100,6 пайызға орындалды. Вакцинацияның 2-ші турын 32264 адам салғызып, ревакцинациядан 1346 адам өтті. Сонымен қатар коронавирус індетіне қарсы епкемен 1428 жасөспірімдер мен жүкті әйелдер қамтылды». Міне, біз қойған сауалдарға аудандық бас дәрігер осылай пікір білдірді.