Ғалым. Ұстаз. Ақын һәм жазушы

663 Views

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай, өткен жұмада Қарақыстақ ауылдық Мәдениет үйінде ақын, жазушы, педагог-ғалым, ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы болған жерлесіміз Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараның тақырыбы «ХХІ ғасырдың Ыбырайы» деп аталды.
Шара шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Есеев Бауыржан Бақытжанұлы сөз сөйлеп, ашып берді. Өз кезегінде Әдібай Табылдының қарындасы Алмагүл Асанбаева тебірене сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырушыларға зор алғысын жеткізді.
Содан кейін іс-шара «Балалар жазушысы. Ақын. Ұстаз. Ғалым» атты ғылыми-практикалық конференцияға ұласты. Конференцияны Қарақыстақ ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Зайтуна Оразалиева жүргізіп отырды. Конференция барысында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақ журналистикасының қайраткері Тұрсынхан Жаманбаев Әдібай Табылды еңбектеріндегі рухани-адамгершілік және ол жазған рубаяттардың тәлім-тәрбиелік маңызы жөнінде сөз қозғаса, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Марал Дүкенбаева ғалымның ұстаздық қырын тілге тиек етті. Ал Әдібай Табылдының шәкірті, Қарақыстақ ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Сәуле Малыбаева ұстазының ғылымға сіңірген еңбегін сөз етті.

М.Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: