Сала басшыларына тапсырмалар жүктелді

577 Views

Өткен аптада Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ернар Есіркеповтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық жиын аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшыларының қатысуымен өтті.
Кеңестің күн тәртібінде «Асарлатып үй салу» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ернар Бағылбеков баяндама жасаса, дала өртін алдын алу және қауіпсіздік шаралары туралы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрболат Қадірханов баяндама жасады.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мал жайылымының мәселелері туралы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекжан Әбенов айтып өтсе, Қорағаты ауылының тазалығына аудан әкімі аппаратының басшысы Жеңіс Адилов тоқталып өтті.
Кеңес барысында күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: