Аудандағы алқаптарды аралады
Соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінуде. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану, мол өнім алу үшін ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану арқылы сапалы өнім алынуда. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан аумағында да тиянақты жүргізілуде.
Осы орайда аудан әкімі Ернар Есіркепов ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар шаруа қожалықтардың жұмысына зер салды.
Жұмыс сапары барысында Құлан ауылындағы «SV AGRO» ЖШС-нің қарқынды алма бағымен, Жақсылық ауылындағы «Алтын-Тау» ШҚ қант қызылшасы алқабымен, Көкдөнен ауылындағы «Бақ-Дәулет» қант қызылшасы және дәндік жүгері алқабымен, сондай-ақ, Көкдөнен, Көгершін елді мекендеріндегі каналдарды көріп, олардың жағдайымен толық танысты.
«Құлан таңы» ақпарат.