Аудан тұрғындарының назарына!

330 Views

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 занына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-09/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау» қағидасына сәйкес, Жамбыл облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 25 тамыздағы № 29-ө бұйрығы және Жамбыл облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 108-ө бұйрығын назарға ала отырып, 2022 жылдың 3 қыркүйегінен бастап, құстарға Қазақстан Республикасының аумағында «Аң аулау» қағидаларында белгіленген мерзімдерде бекітіліп берілген аңшылық шаруашылықтарда ғана аңшылық жасауға рұқсат берілгендігін хабарлаймыз. Аңшылық маусымында өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеміз.

Т.Газаев,
Луговой КММ-нің аңшылықтанушы маманы.

Поделиться ссылкой: