Ағаш көшеттері отырғызылды
52 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Дала өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат. Дала өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ашық отты бей-берекет пайдаланған немесе өрт қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Дала өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Дала өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400-900С0-қа жетеді, жалын 0,5-1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25-5 км жылдамдықпен таралады, мұндай алапат өрт кезде өртті сөндіру тіптен қиындық туғызады. Мысал ретінде айтар болсақ, кеше ғана орын алған Қостанайдағы алапат орман өрті. Сондықтан аудан тұрғындары мен қонақтарынан сұранарымыз, табиғатқа шыққан кезде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтасаңыздар екен!
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.