«Электронды темекінің» пайдасынан зияны көп

775 Views

«Жүре берсең, көре бересің» деп, дана қазақ халқы қалай айтқан деймін де. Мына суреттегі зиянды зат «электронды темекі» деп аталады. Ер адамдар бұл пәлекетті біледі. Бұл заттың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін экраннан да көріп жүрміз. Алайда… Электронды темекіні тұтынатын адамдар саны күн өткен сайын азаяма десек, керісінше, көбейіп барады. Осы жағдай маған ойтүрткі болып, қолыма қалам алуға тура келді.
Қайбір жылы жас жеткіншек ұл балалар арасында осы заттың көп колданысқа түсіп кеткендігі туралы мәселе көтерілген болатын. Қазір өзі ештеңеге таң қалмайтын болдық қой. Әлде етіміз үйреніп кеткен бе? Енді осы зиянды затты қыздарымыз да тұтынып жүр. Осы жағдай менің жаныма қатты батады.
Қазір қаптаған сайт көп. Сол жер­лерде бұл зиянды заттың жарнама­сы міндетті түрде көрініс табады. Өзім соны көп байқаймын. Спорт са­ла­­сында еңбек етіп жүргендіктен, жа­сөс­­пірімдерімізге айтайын деген кеңе­сім бар. Сол сайттарды ақтарып отырғанша, спорт залдарына барып, дене шынықтырса деймін. Тегінде сол жаттығулар, бір кәдеңізге жарай­ты­ны анық. Бір жағынан салауатты өмір салтын ұстанасыз, екіншіден, күш-қуатыңыз толысады.
Осылай ұл-қызымыз әлгі затты тұ­тына берсе, түбі қалай боларын бол­жаудың өзі қорқынышты. Бұны мен ұлтқа төнген қауіп деп есептеймін. Бұл затты саудалап жатқандардың ұрпаққа жаны ашиды дегенге, сену қиын. «Ден саудың – жаны сау» деп, текке айтпаймыз ғой. Сондықтан ұрпағымыздың дені сау болуын қа­ласақ, бұған немқұрайлы қарамасақ игі еді.

Жадыра Жиенбаева,
ата-ана.

Поделиться ссылкой: