Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
106 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
ЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күнінен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады.
ЭЦҚ — ны онлайн режимде қайта шығару өте оңай. Қызметті рәсімдеу уақыты 5 минуттан аспайды. Ол үшін:
1) Pki.gov.kz сайтына өтіп, «Жеке кабинетті» таңдаңыз;
2) қолданыстағы ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз;
3) «ЭЦҚ алу» батырмасын басып, қол қою үшін өз кілтіңізді көрсетіп, «Сақтау» батырмасын басыңыз;
4) пайдаланушы келісімімен танысып, электрондық поштаңыз бен елді мекенді көрсетіңіз. Осы бетте жаңа ЭЦҚ сақтауға арналған орынды көрсетіңіз;
5) «Өтінім беру» батырмасын басып, қолданыстағы ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
6) «Өтінім бойынша тіркеу куәліктері шығарылды» мәртебесі көрсетілетін бетті жаңартып, «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі.