2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында  Қарақат Жақсылыққызы Абденнің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін  анықтау бойынша Лингвистикалық комиссияның отырысы өтті

327 Views

2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Қарақат Жақсылыққызы Абденнің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша Лингвистикалық комиссияның отырысы өтті.

Лингвистикалық комиссия кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін үш бағыт бойынша анықтады: шығарма жазу, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу, кандидаттың таңдаған тақырыбына көпшілік алдында сөз сөйлеуі.

Емтихан аяқталған соң, комиссия талқылау өткізіп, қорытындылады.

Отырыстың қорытындысын Лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметов баяндады.

Кандидат «Тіл – халықтың алтын діңгегі» тақырыбына шығарма жазды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан ауызша үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Азат елдің еңсесі биік» тақырыбына ойын ауызша баяндады.

Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қарақат Жақсылыққызы Абденнің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады.

Поделиться ссылкой: