Ең басты миссия – адам өмірін құтқару

298 Views

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жө­ніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осы жарлық негізінде 19 қазан – Құтқарушылар күні болып белгіленді. Биыл төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құры­лғанына 27 жыл толып отыр.
Құтқарушылар азаматтық қорға­нысының негізі міндеттерін, құры­луы мен жұмыс істеудің ұйым­дасты­рушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резерв қалыптастыруы, сақтауды және пайдалануды, апат­тық құтқару қызметтері мен құры­лымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Құтқарушы мамандығының ең бас­ты міндеті – адамдар өмірін құт­қару, бұл жоғары және жауапты миссия. Олар­дың басты міндеті – халық­тың бейбіт өмірін, тұтастығы, өндірістегі қауіпсізді­гін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Апат айтып келмейді. Тосыннан болған апат ке­зін­де азаматтарға бірінші болып көмек­ке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен біліктілік және тәжірибе керек.
Т.Рысқұлов аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 Өрт сөндіру бөлімінде бүгінде 29 қызметкер қыз­мет атқаруда.Олар өздерінің кәсіби біліктілі­гімен тәжірибесінің арқасында құтқарушы атағына үлкен үлестерін қосуда.

Аудандық ТЖ бөлімі және
№10 ӨСБ-і.

Поделиться ссылкой: