23 маусым – Қазақстан полициясы күні
50 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
Апта басында Дәулетқұлов Шалқар Аяпбергенұлы Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Жамбыл облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қасенов Нұрғали Нұрсоветұлы Мемлекет басшысы тарапынан полиция қызметкерлеріне жүктелген қызмет ауқымды екенін атап өтіп, жаңа қызметке тағайындалған Ш.Аяпбергенұлының саладағы кәсіби дәрежесі жоғары екеніне тоқталды. Аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық мәслихат хатшысы Ербол Әбутәліпов және аудан әкімінің орынбасарлары басшыны жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде жаңа тағайындалған аудандық полиция бөлімінің басшысы алдағы уақытта аудан әкімдігімен бірлесе отырып, артылған сенімді ақтауға, ел мүддесі үшін адал қызмет етуге, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды сапалы үйлестіруге күш салатынын атап өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.