Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
26 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Құқық қорғаушы Шымкент қалалық адвокаттар алқасымен кездесу өткізді. Ол адвокаттардың барлық ұсыныстары мен шағымдарын тыңдады деп хабарлады turkystan.kz.
«Заңгерлердің жағдайы қиын. Қаржылық мәселелер одан да қиын. Бірақ адамдардың құқығы бұзылып жатқанын көру, тіпті ауыр. Сот процесі жүріп жатқанда, адвокаттар өз жұмысын толыққанды атқара алмайды. Прокурорлармен сот қызметкерлері адвокаттардың айтқанын тыңдағысы да келмейді. Өз пікірін ашық айтып, белсенділік танытқан заңгерлер кейін еңбек жолын аяқтауға мәжбүр болғанын көріп те жүрміз», – дейді жиынға қатысушылардың бірі.
Адвокат Қазақстандағы соттардың жақсы беделге ие еместігін де айтты. «Адам көмекке үміттеніп адвокат жалдайды, бірақ кәсіпқоймен жұмыс істегеннің өзінде сот шешімінің қаншалықты әділ болатынына күмәнданады. Халық біздің соттарға сенбейді», – деді ол. Сондай-ақ, жиналғандар сөз бостандығы – журналистердің сот процестері мен атышулы істерді сырттан қысымсыз көрсете алуы мәселелерін көтерді. Салтанат Тұрсынбекова «Заң сақталмаған жерде ешқашан тәртіп болмайды» деді. Кандидат өз бағдарламасында сот-құқықтық реформаны бірінші бағыт ретінде ерекше атап өткенін еске салды. Сонымен қатар, сот төрелігінің тиімді жүйесін құру, даулар мен жанжалдарды шешудің баламалы жолдарын дамыту, құқықбұзушылықтың алдын алудың заңда басымдығын қамтамасыз ету және т.б. ұсыныстарын айтты. Еске салайық, бүгін СалтанатТұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасының 250 жұмысшысымен де кездескен болатын. Құрметпен,
Салтанат Тұрсынбекованың Баспасөз-хатшылығы
E-mail: tursynbekova.shtab@gmail.com +7 702 667 07 00; +7 701 999 28 19
TikTok