Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 36-5 шешімімен сайланған № 328, № 330, № 331, № 332, № 339, № 351, № 345 учаскелік сайлау комиссияларының бір-бір мүшелерінің және № 352, № 348 учаскелік сайлау комиссияларының екі мүшелерінің мерзімінен бұрын өз өтініштері негізінде өкілеттіктерінің тоқталуына байланысты орындарына жаңа мүшелерін сайлау үшін аудандағы әрбір саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер 2022 жылдың 6 желтоқсанынан 20 желтоқсанына дейінгі аралықта жоғарыда аталған сайлау комиссияларына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
1. Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының хаттамасынан үзінді.
2. Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі.
3. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтінші.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихат жанындағы жұмыс тобының мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, № 75 ғимарат. Байланыс телефондары: 2-12-23, 2-16-00,
Е-mail.ru: masl.t.ryskulova@mail.ru.
Аудандық мәслихаттың аппараты.