Жылжымайтын мүлікті тіркеу операциясы қандай?

269 Views

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу – мүлікке құқығыңызды растайтын міндетті рәсім. Сатып алу-сату шарты, айырбастау, мұрагерлік ету немесе жалға алу сіздің құқығыңызды растамайды. Дегенмен, тіркеуге негіз болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мүліктің толыққанды иесі атану, өзіңізді алаяқтықтан қорғау және келешекте оған қатысты операцияларды кедергісіз орындау үшін қажет.
Жылжымайтын мүлікке белгілі бір орынмен тығыз байланысты нәрсенің бәрі жатады: жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстар.
Сонымен қатар, жылжымайтын мүлік бастапқы және кейінгі нысандар болып екіге бөлінеді. Бастапқы нысандарға ерекше атқарымдық мақсаты бар ғимараттар мен құрылыстар, қала құрылысының маңызды нысандары жататын болса, ал екінші мәртеліктерге – жекелеген (бөлінген) құқық объектілері (бірінші мәртелік объектінің құрамына кіретін пәтерлер, жапсарлас салынған үй-жайлар, дүкендер мен офистер) жатады.

Т.Рысқұлов аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі.

Поделиться ссылкой: