Мерекелік құттықтау
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ЖҰРТШЫЛЫҒЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі мереке бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған барша отандастарымыз үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің, татулық пен тұтастықтың, бірлік пен берекенің мейрамы.
Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Біздің жеткен жетістіктеріміздің түп қазығы татулық пен бірлігімізде.
Елімізде бүгінде 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатса, біздің өңірімізді мекен етіп отырған 20-дан астам түрлі этнос өкілдері, түрлі этно-мәдени бірлестік аудан өмірінің әр саласында айтарлықтай еңбек етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Оның жарқын көрінісін ауданымыздың жыл өткен сайын дамуға бет алып, халықтың әл-ауқатының артқандығынан байқауға болады.
Ынтымақ пен бірлік мерекесімен тағы да құттықтай отырып, шын жүректен баршаңызға денсаулық, бірлік пен құт-береке, рухани байлық пен даналық, кемел келешегімізді нығайтудағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған, ынтымағы жарасқан еліміздің еңсесі биік, мерейі үстем болсын! Ел іргесі аман, болашағымыз жарқын болсын!