345 мың теңгеге дейін төлемақы алуға болады
2023 жылдың 10 сәуірінен бастап республика аумағында заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіліп жатқаны баршамызға белгілі. Осыған орай өз еркімен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері еске салады және барлық сұрақтар бойынша аудандық полиция бөліміне хабарласуыңызға болатындығын хабарлайды. Ерікті тапсырылған қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттар үшін мемлекет 10 АЕК-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін төлемақы төлейді. Қару бірлігі (1 АЕК – 3450 теңге).
1. Әрбір автоматты мылтық атыс бірлігі үшін 100 АЕК;
2. Ұзын ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 50 АЕК дейін;
3. Қысқа ұңғылы қаруының әрбір бірлігі үшін 40 АЕК дейін;
4. Тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 30 АЕК дейін;
5. Травматикалық бірлік үшін 10 АЕК;
6. Әрбір граната, мина, жарылғыш құрылғы үшін 7 АЕК дейін;
7. Әрбір 1000 грамм жарылғыш зат үшін 6 АЕК дейін;
8. 5.6 ММ калибрлі мылтық патроны үшін 1/35 АЕК;
9. 5.6 ММ калибрлі мылтық патроны үшін 1/115 АЕК дейін.
Толық ақпаратты 102 немесе 8(72631)2-12-42 телефондары арқылы алуға болады.
Аудандық полиция бөлімі.