Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Айару Ниязбекқызы алты жасқа дейінгі шахматтан өткен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында өзгелерден үздік болып, чемпион атанған болатын.
Маусым айының соңғы күндерінде Айару әкесі Ниязбек Каипов екеуі Қырғызстанға жол тартқан еді. Себебі, осы елдің Ыстықкөл қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтуде. Кеше Ыстықкөлден ақжолтай хабарды естідік. Айару Ниязбекқызы шахматтың рапид деп аталатын түрінен Азия чемпионатында жеңімпаз болыпты. Газетіміз макеттеліп жатқан сәтте Ниязбек Каипов осы жағымды жаңалықты жеткізді бізге. Біз бұл қуанышты оқырмандарымызбен бөліскіміз келді.
Ыстықкөлдегі жарыс әлі жалғасуда. Жас жеткіншек Айарудың қоржынында қазірдің өзінде жүлде бар. Жәй жүлде емес, әрине. Жүлделі бірінші орын.
Біз Ниязбек Каиповпен хабарласқан едік. Айару енді шахматтың блиц және классикалық әдісінен бақ сынамақ екен. Әкесінің айтуынша, Айару осы жарысқа тыңғылықты дайындалыпты. Көңіл күйі де жақсы көрінеді. Ендеше, әліптің артын бағайық. Үш категорияда да топ жаруға Айарудың толық мүмкіндігі бар. Оны кейінірек жаза жатармыз. Жас жеткіншекке сәттілік серік болғай.
М.Жолдасбекұлы.