Ағаш көшеттері отырғызылды
25 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Өткен аптаның сенбісінде аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің, аудандық тауар өндірушілерінің және бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бағытында ауыл шаруашылығы өнімдері төмендетілген бағада көпшіліктің назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, аталмыш жәрмеңкеде отандық, соның ішінде ауданның тауар өндірушілерінің өндіріп жатқан кірпіш – гипсоблок, макарон, тоқылып жасалынған орындық, шишадан жасалынған стол және өзге де өнім түрлері сатылымға шығарылды.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барлығы 89 жұмыс берушіден 213 жұмыс орындарына сұраныс түсіп, нәтижесінде тұрақты жұмысқа – 30, жастар практикасына – 10, алғашқы жұмыс орындарына – 2, ақылы қоғамдық жұмысқа – 3, құрылыс жұмыстарына 15 адам жолданды.
«Құлан таңы» ақпарат.