9 айда атқарылған жұмыс қорытындыланды

142 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Айдарбек Замбаев 2023 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі М.Диханбайдың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді. Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материал­дар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2023 жылдың 9 айында 38 тұлғаға қатысты 31 қылмыстық іс қаралған. Оның ішінде 33 тұлғаға қатысты 27 іс үкім шығарумен аяқталған. Есепті кезеңде 412 тұлғаға қатысты 412 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 333 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 79-ы қысқартылған. Оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 32 іс қысқартылған. Сондай-ақ, 2023 жылдың 9 айында 535 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 305 іс бойынша шешім шығарылған. 70 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 84 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 66 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде 57 азаматтық іс медиация тәртібімен, 1-еуі партисипатив тәртібімен, 7-еуі бітімгершілік тәртібі­мен қысқартылған. Соттылығы бойынша 10 азаматтық іс жолданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 36 мақала жарияланған. 4 «Дөңгелек үстел», 18 семинарлық сабақ, 3 баспасөз конференциясы өткізілген.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: