Өлең жаттап, автокөлік ұтып алды

312 Views

Жақында «ASSYLTAS» қоғамдық қорының қолдауымен дүстүрлі түрде өтіп жүрген «100 өлең» байқауы өз мәресіне жетті. Аталмыш байқауға қатысуға еліміздің әр өңірінен 500-ге жуық адам өтініш білдірді. Финалдық кезеңге 15 қатысушы жолдама алды. Әділқазылар алқасы жинаққа енгізілген 100 өлеңнің кез келген жерінен сұрау арқылы қатысушыларды сынап көрді. Ақтық сынға сүрінбей өткен жүйріктер Әділжан Қазыбай, Қамыспай Тілеужан, Жеңісгүл Қосан, Айғаным Ибрайым өзара жарысты. Нәтижесінде Жамбыл облысының үмітін арқалап барған қатысушы, жерлесіміз Әділжан Қазыбай жеңіске жетіп, «ASSYLTAS» қоғамдық қоры тағайындаған автокөлік иегері атанды. Жүлделі екінші орын Қарағанды қаласының тумасы Қамыспай Тілеужанға бұйырса, жүлделі үшінші орын Астана қаласынан келген Жеңісгүл Қосанға табысталды. Қатысушылардың барлығына бірдей ынталандыру сыйлықтары берілді. Жарыс жеңімпазы автокөлікпен бірге «Атамұра» баспасы ұсынған 100 кітапқа ие болды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: