ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТЕРЕҢНЕН ТОЛҒАДЫ

705 Views

ТӨЛ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТЕРЕҢНЕН ТОЛҒАДЫ

 

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 қараша күні республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты публицистикалық мақаласын зор ықыласпен оқып шықтым. Меніңше «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» деген екі бөлімнен құралған Президент мақаласы қазірдің өзінде халық арасында үлкен қолдауға ие болып отыр.

«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында Елбасымыз әлемдік полиэтникалық мәдениеті қалыптасқан дамыған елдерді сөз ете отырып, қазақ ұлтының тарихи тамыры әріде жатқандығын дәйекті мысалдар арқылы жазған. Оған Президент мақаласындағы мынадай пайымды сөздер дәлел десек болады. «Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі» дей келіп, ұлт тарихы төңірегінде былайша сөз өрбітеді. «Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бірі-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көп қырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек, -деп ой қозғады Елбасы жаңа публицисткалық мақаласында.

Б.ӘЛІПБАЕВ,

Құлан ауылдық ардагерлер

 алқасының төрағасы.

Поделиться ссылкой: