“ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ” –– ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛУҒА ҚАДАМ

676 Views

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының заңды жалғасы іспетті көп көңілінен орын алды. Ұлы дала өркениетінің тым тереңнен бастау алатындығы, біздің ұлтымыз-ұлы ғұндар мен сақтардың, түркі этникалық топтарының мұрагері екендігін паш етті. Түбі бір түркітілдес ұлттардың мекені Ұлы далада түркілердің адамзат тарихына қосқан зор үлесі мен түркі әлемінің даму генезисі, Ұлы дала өркениеті туралы жазылған мақала көп нәрсені қайта қарап, зерделеу мен зерттеуге жетелегендей.

Бұл мақала туралы саясаткер Е.Қарин «Біз мемлекеттілікті құрдық, енді мемлекетшілдікті қалыптастыруымыз керек. Ал мемлекетшілдіктің негізгі алғышарты – ұлттық сана-сезім. Бүгінгі мақала қазақ қоғамына терең пікір қалыптастыруға, көлемді дискуссияларға негіз болмақ» -деп пікір білдірген екен. Расында, Елбасының тарихи маңызы зор мақаласын оқыған әрбір азамат өткенін танып, болашағына болжам жасары анық. Тарихтағы орнын терең танып, әлем елдері арасында ойып орын алар кезең жетті. Саналы әрбір азамат өткенімен мақтанып, өшкенін тірілтіп, елімізді сан қырынан танытып, әлемнің қазақ елін мойындауы тұрғысындағы ұлы істерге өзіндік үлес қосуға тиіс.Мақалада алдағы аз уақытта орындалуға тиіс нақты Жобалар мен міндеттер айқын әрі нақты белгіленген. Әсіресе тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасы, «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жоба, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу, «Дала фольклорының антологиясы» жинағын шығару, ел тарихының кино өнері мен телевизияда көрініс табуы бағытындағы тың жобалар -ел руханиятының дамуына серпіліс әкелері сөзсіз. Жас ұрпақ санасын, жұртшылық назары мен қоғамдық сананы жаңғыртуда бұл шаралардың маңызы зор. Әлем күнде өзгеріп жатқан алмағайып заманда жаһандық күштерге жұтылып кетпей, ұлт боп ұйысудың, халық боп әлемдік өркениетке ұмтылудың жаңа кезеңіне бастау болар бұл мақаланы барша қазақстандықтың қолдайтыны анық. Ендеше, Елбасы ұсынған тың идеялар мен жобалардың жылдам жүзеге асып, өз нәтижесін беруіне баршамыз атсалысайық, ағайын!

Л.ӨТЕУЛИЕВА,

аудан әкімдігі ішкі саясат

бөлімінің басшыс

Поделиться ссылкой: