Мәжіліс депутаты аудандағы бірқатар нысандарды аралады

108 Views

Өткен дүйсенбіде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлдара Алданышқызы Нұрымова ауданда болып, бірқатар ауылдардағы нысандардың құрылыс жұмысының жай-күйімен танысты.

Алдымен Қайыңды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, мердігердің өкілімен тілдесті. Мердігер өкілінің айтуынша, жыл соңына дейін аталған пункт қайыңдылықтардың игіліне қолданысқа берілетінін жеткізді. Содан соң Ақыртөбе ауылдық округіндегі мәдениет үйінің құрылыс жұмысымен танысуды жөн санады. Гүлдара Алданышқызы жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алда атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі. Келесі кезекте сайлауалды бағдарламасы аясында Луговой ауылындағы №1, 2 алқаптарында жеке тұрғын үй салуға арналған 847 жер учаскесіне ауызсу желісін тарту мәселелеріне назар аударды. Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова жасалып жатқан жұмыстарға көңілі толып, аудан тұрғындарының тарапынан болған өтініш-тілектердің қараусыз қалмайтынын жеткізді.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: