Луговой ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

125 Views

2024 жылғы 14-шілдедегі сайлаудың нәтижесіне сәйкес, Луговой ауылдық округінің әкімі болып Өмірқұлов Жасұлан Бейшенқұлұлы сайланды.

Өмірқұлов Жасұлан Бейшенқұлұлы 1992 жылы Т.Рысқұлов ауданында дүниеге келген. 2014 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2016 жылы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және құқық» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімінде келісімшарт негізінде бағ­дар­ламашы маман болып бастаған. 2015 жылы Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімінде келісімшарт негізінде құжат рәсімдеуші маман, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарған. 2016 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы, Т.Рыс­құлов аудандық ішкі істер бөлімінде келісімшарт негізінде құжат рәсімдеуші маманы болып еңбек еткен. 2018 жылы жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша білімін тәжірибемен ұштас­тыру мақсатында Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде келісімшарт негізінде маман, Ақбұлақ ауылдық округінің аппаратында арнайы тексеруден өткенге дейін бас маман болып қызмет атқарған. 2018-2020 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2020-2023 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі болып еңбек еткен.
2023 жылдан осы уақытқа дейін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

Поделиться ссылкой: