Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
25 ViewsӨткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық…
Тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күні.Бұл мерекеге орай аудандық «Құлан таңы» газетінің ұжымы арнайы бет те әзірледі. Сондықтан ол жағына көп тоқталмай-ақ қояйық. Атаулы мерекеге орай жыл сайын аудан аумағында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі өткен сенбіде Құлан ауылындағы «Бұқаралық іс-шараларды өткізу» орталығы КММ-де өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Одан кейін аудан спортының дамуына үлес қосып жүрген спортшылар, сала ардагерлері мен қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты іс-шараның ашылу рәсімінен соң тұрғындар арасында шағын футболдан аудандық жарыс өткізілді.