ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
222 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Жақында ғана асық атудан тұңғыш рет Астана қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Бұл айтулы додаға жерлесіміз, яғни Қарақат ауылында дүниеге келген Тоқтасын Ерсұлтан Ерғалиұлы қатысып, тұңғыш рет өткізілген әлемдік жарыста чемпион атанды. Ерсұлтан ауданымыздағы №24 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі.
Ол асық ату спортының қыр-сырын аталмыш балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек ететін Ескендір Тегешовтан үйренген. Яғни Ерсұлтанның асық ату спортындағы алғашқы бапкері – Ескендір Тегешов. Қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 3 курста оқитын Тоқтасын Ерсұлтан Ерғалиұлы осылайша қазақ жұртын қуантып, әлемдік додада үздік атанып отыр. Бүгінгі таңда Ерсұлтан ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубында Еркебұлан Абдировтың қол астында жаттығады.
Марат Диханбай.