24 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Қазақстанда атом электр станцияларын салу-еліміздің дамуы үшін маңызды қадам деп есептеймін.
396 Views
Қазақстанда атом электр станцияларын салу-еліміздің дамуы үшін маңызды қадам деп есептеймін. Біріншіден, бұл бүкіл халық пен өнеркәсіп үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Экономиканың өсуімен және электр энергиясын тұтынудың артуымен атом энергетикасы ауа-райына және көмірсутектердің қол жетімділігіне тәуелді емес сенімді энергия көзіне айналатыны сөзсіз. АЭС парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және қоршаған ортаға әсерін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысы — бұл жаңа жұмыс орындары, ғылым мен технологияны дамыту, инвестиция тартудың бірден бір көзі десек те болады. Атом энергетикасы бізге тұрақты және қауіпсіз болашақты қамтамасыз ете отырып, жаңа перспективалар ашады. Атом электр станциясының арқасында Қазақстан экономиканы дамытып, өз азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарта отырып, сенімді түрде алға қарай нық қадам баса алады. Бұл таза энергетика саласында көшбасшы болып қана қоймай, болашақ ұрпақ үшін планетаны қорғауға маңызды үлес қосуға мүмкіндік беретін стратегиялық шешішдердің бірі деп санаймын.
Кәдірбек Данияр Шауанұлы- «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Ақбұлақ ауылдық округі жастар ісі бойынша инспекторы.

