Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
25 ViewsӨткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық…
Өткен сейсенбіде аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қаблет Абдирахманов пен аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айхан Назарбековтің баяндамалары тыңдалып, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жай-күйі мен өзекті мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, аппараттық кеңесте аудан көлеміндегі құрылыс жұмыстарының барысы, жылыту маусымына дайындық шаралары және инфрақұрылымды дамыту бойынша жоспарлар мен ұсыныстар пысықталып, сараланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.