Ендеше, саяси науқанға белсенді түрде атсалысайық

146 Views

Президентіміз Қ.К.Тоқаев биылғы Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру, энергия тапшылығы мәселесіне тоқталып, 6 қазанда атом электр станциясын салуға байланысты жалпыхалықтық референдум өтетіндігін айтты. Атом электр станциясын салуға байланысты қазір елімізде білікті сарапшылар, аталған саланы зерттеп жүрген ғалымдар ой-пікірлерін білдіруде. Сарапшы мамандардың айтуынша, мемлекетіміз энергетика секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұр. Экономиканың артуына және еліміздің дамуына алдағы жоспарланып жатқан атом электр стансасы құрылысының еліміз үшін маңызы зор. Дегенмен атом электр станциясын салу бүгінгі күннің талабы екенін түсінгеніміз жөн. Осы тұста атом энергетикасын дамытуға назар аударған дұрыс сияқты. Алдағы уақытта бұл мәселенің нақты шешімі референдум аясында белгілі болады. Ендеше, саяси науқанға белсенді түрде атсалысайық! 

Сатыбалдиева Аида Нұртасқызы, Луговой ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

 

 

Поделиться ссылкой: