Республикалық, жергілікті аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің және коммерциялық емес ұйымдардың төрағаларымен кездесу өткізді

151 Views

Өткен жұмада Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы республикалық және жергілікті аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің және коммерциялық емес ұйымдардың төрағаларымен кездесу өткізді. Кездесуге облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, сайлауға байқаушы ретінде аккредиттелген «Да­уыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» респуб­ликалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалы­ның төрағасы А.Кадыркулов, «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы Ардагерлері» республикалық ҚБ филиалының төрағасы С.Кыдыралиев, «AMANAT» партиясы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары У.Болатбек және жергілікті «Phoenix» адам құқықтары жөніндегі ҚБ төрайымы Б.Абдуллаева, «Жас­­тар-зерттеу» Жастар ҚБ төрайымы А.Саит­баева қатысты. Жиынды облыстық аумақ­тық референдум комиссиясының төр­ағасы С.Айдап­келов ашып, «Республикалық референдум ту­ралы» Конституциялық заңның 6-бабының 4 тармағына сәйкес, референдумға аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммер­циялық емес ұйымдардың атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген байқаушылар, шетелдік бұқара­лық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алатындығын жеткізді.
Облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі М.Сембеков «Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудегі жариялылық» тақырыбында баяндама жасап, республикалық референдум туралы Конституциялық заңның талаптарын түсіндіріп өтті. Кездесу барысында қоғамдық бірлестіктер өкілдері өз ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бірқатар мәселелер талқыланды. Мәселен, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы А.Кадыркулов жылжымайтын мүлікті сатып алу шарты негізінде сайлау учаскесінде дауыс беруге болатындығы туралы айтты. Аталған мәселе бойынша облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Т.Жамалов «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес, нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болатындығын және азамат сайлаушылардың бiр ғана тiзiмiне ене алатындығын түсіндірді. Сондай-ақ, С.Айдапкелов «Республикалық референдум ту­ра­­лы» Конституциялық заңның 6-бабына сәйкес, Ре­ферен­дум комиссияларының жұмысына араласуға жол беріл­мей­­­тін­­дігі жөнінде және «Қазақстан Республикасындағы сай­лау туралы» ҚР Конституциялық заңының 20-ба­бы 8-тар­мағында «Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сай­­лау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыс­­та­рын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партиядан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, әрбір телеарнадан үшеуден аспайтын өкіл және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан және аудармашы бірге жүруге құқылы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы» деп айқындалғанын жеткізді.
Сонымен қатар, елімізде өтіп жатқан сайлауларда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан келетін байқаушылар сайлау процесіне қатысу кезінде байқаған кемшіліктер бойынша өз ұсыныстарын беріп отыратындығын және ол ұсыныстар зерделеніп, сайлау процесін жетілдіруде тәжірибеде пайдаланып жатқандығы туралы айтып өтті. Осы орайда, аккредиттелген жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне сайлау процесі кезінде кері байланыс орнату мақсатында ұсыныстар мен пікірлерін жазбаша нұсқада бере отырып, ақпарат алмасып жұмыс жүргізуді ұсынды.
Кездесу соңында облыстық аумақтық референдум комис­сиясының төрағасы С.Айдапкелов аккредиттелген қоғамдық бірлес­тіктер төрағалары тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріп, алдағы референдумды заң талаптарына сәйкес бірлесіп өткізуге шақырды.

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы.

Поделиться ссылкой: