Еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым!
Мінеки, 6 қазанда республикамызда жалпыхалықтық референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілгеніне куә болдық. Оған қатысқан шетелдік және отандық бақылаушылар да елдегі АЭС салу бойынша өткен референдумның өте жоғары деңгейде өткенін мойындап, таң қалып отыр.
Өз басым сайлау барысына қатысқан сәтте, аудан жұртының өзі бекітілген сайлау учаскелеріне келіп, «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген бюллетеньдегі сұраққа «иә» немесе «жоқ» деген тұсты белгілеп үн қосқандардың көп болғанын байқадым. Негізінен сайлау учаскесіне келгендердің басым бөлігінің Мемлекет басшысының АЭС салу туралы шешімін қолдайтынын сөйлесу барысында аңғарып қалдым.
Атом электр станциясының құрылысына қатысты шешім елдің экономикалық және экологиялық болашағына елеулі әсер ететіндіктен халық өз таңдауын жасады. Мен де өз таңдауымды жасап, елімнің болашағы үшін дауыс бердім.
Қожайхан Бижанов,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.
