Осыған дейін жеке қабылдауға 148 тұрғын қайырылып, 185 мәселе көтерген

91 Views

Өткен жұмада аудан әкімі Ернар Есіркепов жыл басынан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан кезекті 47-ші жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үймен және тұрақты жұмыспен қамту, көгілдір отынмен қамтамасыз ету сияқты өтініш-тілектер көтеріліп, оларға қолданыстағы заң аясында жауаптар берілді.
Жалпы, ағымдағы жылы жеке қабылдауларға барлығы 148 тұрғын қайырылып, 185 мәселе көтерген. Оларға қатысты 144 хаттамалық тапсырма жүктелсе, 41-іне қолданыстағы заң талаптарына сәйкес ауызша түсіндірмелер берілген.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: