Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Осы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті.
Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Әжібаев пен «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің менеджері, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Назима Жұбандықова келіп қатысты. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Жансұлтан Қалиев ашып беріп, жүргізіп отырды.
Алғаш мінберге көтерілген Айбек Әжібаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды атап өтіп, заңға қайшы әрекеттерге жол берген азаматтарға қолданылатын жазаларды атап өтті. Ал Назима Жұбандықова соңғы кездері аймақ аумағында орын алған келеңсіз жайттарды баяндап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, оған қарсы бірігіп күресуге шақырды.
«Құлан таңы» ақпарат.