82 Views
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов «Аманат» партиясы аудандық филиалы ғимаратының қабылдау бөлмесінде тұрғындар тілегіне құлақ түрді. Ернар Серікәліұлының жеке қабылдауына Өрнек, Қарақат, Көкдөнен, Құлан ауылдарының тұрғындары келіп, өз өтініштерін жеткізді. Қабылдау барысында бірқатар мәселелер көтеріліп, ауыл азаматтары ауыз су, көгілдір отын, жол, шағын футбол және ойын алаңдарын орнату, ауыл атауын үлкен автодәліз бойына жазып қою, субсидия алу, көше жарығы мен тазалығын реттеу, жұмыспен және баспанамен қамту сынды мәселелерді көтерді. Аудан әкімі Ернар Есіркепов аталмыш мәселелердің барлығы басты назарда тұрғанын айтып, шешу жолдары қарастырылып жатқанын айтты. Тіпті кейбір кезек күттірмейтін мәселелерді дер кезінде шешу керектігін айтып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
«Құлан таңы» ақпарат.
Поделиться ссылкой: