Өмірден ерте кеткен ер Ертай…
23 ViewsЖауын Ертай Ернарұлы. Бұл есімді менің білгеніме 2-3 жылдың жүзі болды. Ертайдың өмірі қысқа болды. Ол әрине ауырып сыздаған жоқ. Мектепте де үздік оқушылардың…
«А» вирусты гепатит –бауырды зақымдайтын, сарғаю мен жалпы улану белгілерімен қатар жүретін , жедел басталатын жұқпалы ауру. «А» вирусты гепатитіне барлық жастағы адамдар сезімтал , әсіресе жастар арасында иммунитеті жоқ тұлғалар аталған жұқпадан сақталмаған.
Аурудың белгілері : вируспен залалдану мен ауру белгілерінің пайда болуы аралығы 4-50 күн аралығында, науқастың тәбеті бұзылып, оң жак қабырға астында ауру сезімі, жүрек айну, құсу пайда болады. Көп жағдайда ауру тұмау тәрізді басталады: науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрынынан су ағу,жөтел, денедегі ауру сезімі болады. Соңғы 7-10 күндері науқастардың зәрі мен бөлінділері арқылы вирустар сыртқы ортаға шығады.,яғни науқас осы кезеңде қоршаған ортадағы тұлғалар үшін өте қауіпті болады .
Алдын алу шаралары :
Жалпы алдын алу шаралары басқа «А»вирусты гепатитіне қарсы арнайы алдын алу шаралары да белгілі ол-иммундау. Екі рет жасалатын екпе адамды қорғайды. Екпе жұмыстары Қазақстан Республикасының алдын алу екпелерінің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Қауіп- қатер тобындағы балаларды осы ауруға қарсы егу –өте маңызді іс.
Деніңіз сау болсын!
Н.Муликова,
Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің басшы орынбасары.