Өлеңі – өмірі
29 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.
Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер – жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi – жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
– көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
– мемлекеттік корпорация арқылы;
– «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
Бүгінгі таңда Ақниет ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
2. «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды.
3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
4. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру».
5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
6. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату».
Округ аумағындағы қалыптастыру процесін автоматтандыру үшін @Egov, KZ ПОРТАЛЫ енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артықшылықтары – олардың қолжетімділігі және бенефициарлардың қолайлылығында. Қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі артықшылығы ретінде мыналарды атап өтуге болады. Қызмет алу туралы ақпарат алуға қолжетімділік, мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, қызмет алуға байланысты уақытша шағындарды қысқарту, үйден немесе жұмыс компьютерінен мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуін жақсарту, баламалы және электрондық қызметтердің үлесін көтеру мақсатында ХҚКО арқылы және электрондық қызметтердің кең таралуын және пайдаланушыларды арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру жөнінде шаралар болып табылады. Ақниет ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелер ғимараттарында орналасқан. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді, кедергісіз алуда. Ақниет ауылдық округі әкімі аппараты және округ аумағындағы барлық мемлекеттік қызметтердің заңдары мен мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар жазылған стендтер жасалған.
Округ әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.
Ақниет ауылдық округі әкімі аппараты.