Әріптесіміз марапатталды
Осы семинарда Тұрар Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөніндегі инспекторы Дихамбаева Толқын Жолдасбекқызы салалық кәсіподақ жұмыстарға белсенді атсалысып, осы жұмыстарға қосқан елеулі үлесі үшін «Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Тараз қаласы және Жамбыл облысының әскери бөлімдерінің бірлескен кәсіподағы филиалы төрағасының Құрмет грамотасымен және төсбелгімен марапатталды. Әріптесімізді аталған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.
Тұрар Рысқұлов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.