Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №15-9 шешімімен сайланған сайлау комиссиясының 1 мүшесі, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №15-10 шешімімен сайланған №346 учаскелік сайлау комиссиясының 2 мүшесі, №355 учаскелік сайлау комиссиясының 1 мүшесі, №332 учаскелік сайлау комиссиясының 2 мүшесі өз еркімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетуіне байланысты сайлау комиссияларына бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2025 жылдың ақпан айының 15-не дейін жоғарыдағы аталған сайлау комиссияларына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
1. Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
2. Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін.
3. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі №75. Байланыс телефондары: 2-12-23, 2-12-76.
Электрондық пошта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.
Аудандық Мәслихат аппараты.