Отбасылық құндылықтардың көбірек дәріптелгені дұрыс

37 Views

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі әйел азаматшаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар, мүгедектігі бар және мүмкіндігі шек­теулі балаларды тәрбиелеп отыр­ған отбасыларды әлеуметтік әрі психоло­гия­лық тұрғыда қолдау шаралары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар білім беру ұйым­дарында отбасылық тәрбие бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, әкелер мен аналар мектептерінің қызметін жетілдіру, сондай-ақ, «Қазақстан Рес­публи­касындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырым­дамасында» көзделген ныса­налы индикаторларға қол жеткізу мақса­тында қабылданып жатқан және алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар барысы қаралды. Комиссия жұмысының тиім­ділігін арттыру мақсатында нақты ұсыныс­тар айтылып, жауапты сала жетекшілеріне тиісті тапсырмалар жүк­телді. Аудан көлемінде отбасылық құнды­лықтарды нығайту, әйелдердің құқық­тарын қорғау және әлеуметтік қолдау тетіктерін дамыту бағытындағы жұмыс­тар алдағы уақытта да жүйелі түр­де жалғасын табатын болады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий