Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі
35 ViewsӨткен жұмада Тереңөзек ауылындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасында «Ұлттық тәрбие – болашақ кепілі» деген тақырыпта семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – балалар бойына халықтың дәстүр танымындағы өсиеттерді…
Қазақстан Республикасының №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы 2013 жылдың 15 сәуірінде қабылданды. Қабылданған заң талаптары көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасын қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылатындығын атап көрсеткен.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:
– көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілік теңдей қол жеткізуі;
– мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
– мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
– мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін және мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру.
«Қорағаты ауылдық округі әкімі аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.