Арулар, аяулылар, ардақтылар!

86 Views

Аудан әкімі Ернар Есіркепов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, ауданымыздағы ақ жаулықты аналар мен қылықты да нәзік сұлу арулармен кездесіп, өзінің құттықтау лебізін білдірді.

Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде өткен кездесуге Түзел Алагөзова бастаған аудандық аналар кеңесінің мүшелері, мемлекеттік қызметте еңбек еткен зейнеткер аналар және қорғаныс, құқық қорғау, кәсіпкерлік, білім салаларында жемісті жұмыс жасап жүрген арулар, үкіметтік емес ұйым жетекшілері арнайы шақырылды. Кездесуде қазақ халқы әрдайым қыз баласын қадірлеп, қастерлейтіні, одан бөлек қазіргі қоғамдағы әйел ананың рөлі кеңінен қозғалып, айтылды. Өз кезегінде осындай мереке қарсаңында елеп-ескеріп, ақжарма ізгі ниетін жеткізген аудан басшысы Ернар Серікәліұлына ақ жаулықты аналар дән ризашылықтарын жеткізді. Кездесу соңында жиынға қатысқан аналар мен аруларға гүлмен бірге сыйлықтар үлестірілді. Содан кейін кездесуге қатысқан аяулы да ардақты жандар аудан әкімімен бірге естелік суретке түсті.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: