ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

77 Views

Орман өрттерінің алдын алу және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру мақсатында мекеме қызметкерлері оқу-жаттығу курсына жіберілді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және қызметтік іс-сапарларға қатысты қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес, «Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Шымкент қаласында орналасқан оқу орталығында біліктіліктерін арттырып, орман өрт сөндіру тәсілдерін меңгерді.
Осы жылдың қаңтар айының 19-ы мен 23-і аралығында 2-үлгідегі орман өрт сөндіру станциясының өрт сөндірушілері Айдарбаев Біржан Ынтымақұлы мен Нұрділда Нұрбек Нұрділдаұлы оқу-жаттығуға жіберілді.
Оқу барысында мамандар өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету алгоритмдері, заманауи өрт сөндіру әдістері және техникалық дайындық бағыттары бойынша тәжірибелік және теориялық білімдерін жетілдірді.
Бұл іс-шара қызметкерлердің кәсіби даярлығын күшейтіп қана қоймай, орман қорының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Аталған іссапар Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми хатына сәйкес ұйымдастырылды.
Орманды қорғау – жауапты әрі үздіксіз жұмысты талап ететін маңызды міндет.

Н.Заурбеков,
«Луговой ормандарды және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
орман қору және күзету инженері.

Поделиться ссылкой: