Ақбұлақта ағаш егіліп, Құланда бұлақ көздері ашылды
Ақбұлақта ағаш егіліп, Құланда бұлақ көздері ашылды
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында Ақбұлақ ауылында «Жасыл әлем – жарқын келешек» ағаш егу акциясы өтіп, ауыл ақсақалдары мен жастардың қатысуымен жаңа көшеттер отырғызылды.
Республикалық «Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы іс-шаралар «Мөлдір бұлақ» акциясына ұласып, аудан әкімі Ернар Есіркепов, ардагерлер, белсенді жастар және коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен Құлан ауылының тау бөктеріндегі бұлақ көздері тазартылып, қалпына келтірілді.
Аталған бастамалардың негізгі мақсаты – табиғи су көздерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау және өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Жалпы 300-ге жуық азамат қатысқан бұл бастамалар «Наурызнама» онкүндігінің «Тазару күнімен» үндесіп, мерекенің мазмұнын одан әрі айшықтай түскендігін атап өту қажет.
Туған жер табиғатын аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
