«Ән жырым – саған ауылым!
36 ViewsЖақында «Ән жырым – саған ауылым!» атты «Р етро» вокалды аспапты ансамблінің Ақыртөбе ауылында концерті өтті. Аталмыш ансамбль осындай концертті бұдан кейін Тереңөзек ауылында…
Жақында Қазақ ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебінде қазақтың қайсар қаламгері Баубек Бұлқышевтің 110 жылдығына арналған «Ойы өлмеген ұрпақ» атты жастармен ашық әңгіме кеші өтті.
Тағылымы мол іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Баубек Бұлқышевтің өмір жолын, шығармашылық мұрасын насихаттап, отансүйгіштікке тәрбиелеу болды.
Кеш шымылдығын домбырашылар тобының орындауындағы «Әгугәй» күйі ашып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөлдір Аманбаева жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды баяндама жасап, оның елге, ұлтқа деген сүйіспеншілігі жайында кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар «Ғажап» өнерпаздар тобы Баубек Бұлқышевтің «Соңғы хат» шығармасынан әсерлі көрініс қойып, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. Көрініс арқылы соғыс жылдарындағы азаматтық рух пен туған елге деген сағыныш шынайы бейнеленді.
Мектеп кітапханашысы Мәншүк Есімбекова 9-сынып оқушыларымен бірге өмір туралы тағылымды ой қозғап, жазушы шығармаларының тәрбиелік мәніне тоқталды. Оқушылар да өз пікірлерін ортаға салып, рухани кештен ерекше әсер алғандарын жеткізді.
Тағылымды кеш жастардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, ұлттық рухты нығайтуға бағытталған маңызды басқосу болды.
Шарбану АМРЕЕВА,
Қазақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы