Ана өсіреді, әке үйретеді

22 Views

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ
АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР
КЕҢЕСІНІҢ ЖАНЫНАН
АУДАНДЫҚ ӘКЕЛЕР
КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ 9
АДАМНАН ҚҰРЫЛҒАН.
АУДАНДАҒЫ 39 МЕКТЕПТЕ
ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІНІҢ
ТӨРАҒАЛАРЫ САЙЛАНҒАН.
ҰЛЫ ДАЛАНЫ МЕКЕН
ЕТКЕН АТА-БАБАЛАР
ТАРИХЫНА ТЕРЕҢ
БОЙЛАСАҚ, ОТБАСЫЛЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА, АТА-
АНАҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ
КӨРЕМІЗ.

даярТәрбиенің
бастауы, негізгі қайнар
көзі – отбасы ағаш іспетті. Әке
– діңі, ана – тамыры, ал бұталар –
балалары. Сол отбасы деген шағын
мемлекеттің тірегі, балалардың қорғаны
– әке.
Қазақ даналығында әкенің орнын
«Асқар
тауға» балап, «Әке көрген –
оқ жонар
», «Әкелі бала – жау жүрек,
Әкесіз
бала су жүрек» деп әкенің бала
өмірінен асатын орнын көрсетеді.
Сондай-ақ, бабаларымыздан «Әкесі
қой баға білмегеннің, баласы қозы баға
білмейді» деген ұлағатты сөз де жеткен.
Әкелер кеңесінің жоспарына
сай
әкелердің рөлін көтеруге бағытталған,
алдыңғы қатарлы тәжірибелерді
жинақтап әкелер кеңесін
тарату мақсатымен әкелер кеңесінің
ұйымдастыруымен төмендегідей іс-
шаралар өтті.
Айталық, Ақбұлақ орта мектебінде
«Әкелер жолы ізгі жол» тақырыбында
аудандық семинар практикум өтіп,
оған 50 әке, жоғары сынып оқушылары
және мектеп директорларының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Болтай батыр атындағы орта мектебінде
«Әке тәрбиесі – түгел ұлттың тура
жолы» тақырыбында дөңгелек үстел
отырысы өтіп, оған 45 әке қатысты.
Р.Смайлов атындағы орта мектебінде
«Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» іс-
шарасына 50 жас әкелер, жоғары
сыныптың ұл балалары белсене араласып,
кездесу кеші қызықты ұйымдастырылды.
Абай орта мектебінде
«Абай мұрасы – халық ұлағаты»
тақырыбында Абайдың 180 жылдығына
арналған аудандық конференция өтті.
№1 мектеп-лицейінде «Ұлт руханияты
және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
мұрасы» атты аудандық
семинар өтіп, оған 60 әке, мектеп
директорларының
тәрбие ісі жөніндегі
орынбасарлары, әкелер кеңесінің
мүшелері, кітапханашылар шақырылды.
Ш. Уәлиханов атындағы орта
мектебінде «Ұлттық
жады – шежіре»
тақырыбында аналар,
әкелер кеңесі
бірлесіп, жеті ата туралы іс-шара өткізді. «Балауса» балабақшасында «Жеті
қазына» туралы іс-шара қызықты өтті.
Құлан мектеп гимназиясында «Отбасындағы
әкенің рөлі» тақырыбында
іс-шара ұйымдастырылып, оған 40
әке қатысты және жоғары сынып
оқушылардың ұл балаларымен кездесу
болды. Б.Момышұлы атындағы
орта мектебінде «Әкем айтқан асыл
сөз»тақырыбында жоғары сынып
оқушыларымен кездесуіне 80 ұл бала
қатысты.
Ә. Бөкейханов атындағы орта
мектебінде «Жұлдызды белестер –
2026» тақырыбында
іс-шара өтті.
Республика бойынша әкелер күні
мерекесі 2024 жылдан тойланып келеді.
Әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен
аудандық білім, мәдениет бөлімдерімен
2024 жылы «Әке асқар тау биік шың»,
2025 жылы «Әке – отбасының тірегі»
тақырыбында әкелер күніне орай
аудандық мәдениет үйінде аудандық
әкелер форумы өтті. Қазақ халқы: «Дүниедегі ең
ұлы теңеудің барлығы әкеге
ғана жарасқан» дейді. Әке деген
күллі әлемнің мектебі бере алмайтын
тәлім тәрбиені бойына жиған. Әкенің
жақсылығын санасаң сан жетпейді.
Сенің жеңісіңе шын қуанатын адам
емес пе? Балаларымның несібесі деп
күні-түні еңбек етіп, ұлдарын күнім деп,
қыздарын жаным деп, әрбір айтқан сөзі
жаныңа қуат береді.
Әкелер кеңесінің бастауымен
ұлттық тәрбие беру мақсатында аудандық
әкелер кеңесі білім бөлімімен
бірлесіп, 2023 жылдан аудандағы 39
мектепте 1-11 сынып оқушыларымен
ұлттық тәрбие беру айлықтарын өткізіп
келеді.
Қыркүйек – «Сөз басы – сәлем»
Қазан – «Бата менен ер көгерер»
Қараша – «Жеті ата»
Желтоқсан – «Жеті қазына»
Қаңтар – «Бес нәрсеге асық бол, бес
нәрседен қашық бол!»
Ақпан – «Ұлағатты сөздер»
Наурыз – «Мақал-мәтелдер»
Сәуір – «Салт-дәстүр» Мамыр – «Әдет-ғұрып» айлығы
ұйымдастырылып, оған 14127 оқушы
мен 3 мыңға жуық ата-аналар атсалысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаев адал әрі жауапты азамат тәрбиелеуге
ерекше назар аударып келеді.
2025 жылдан «Адал азамат» біртұтас
тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Бағдарлама «Заң мен тәртіп» ұлттық
құндылықтарды бойына сіңірген тұлға
қалыптастыруды көздейді. Отбасы – мектеп – мемлекет
үштігі үйлесімді болса, жақсы
нәтижеге жетуге болады. Жас
ұрпақтың
көп уақытын интернет
пен әлеуметтік желілерде өткізетіні
жасырын емес. Балалар теріс тәрбиенің
ықпалына
оңай түсуі ықтимал. Кез
келген нәрсеге байыппен қарап дұрыс
шешім қабылдауға үйрету керек.
Әкенің ұрпағына қалдырған ең үлкен
мұрасы
оның жақсы тәрбиесі. «Бір
әкенің
тәрбиесін жүз мектепте бере
алмайды». Халқымыздың әкені асқар
тауға теңеуінде үлкен мән жатыр.
Яғни балалар тау қопарар тәуекелді,
батылдық пен ерлікті, ата-кәсіпті әкенің
болмысынан сіңіріп өсетіні ақиқат.
Сондықтан әке мен бала арасында
қарым-қатынасты нығайту керек. Әке
тіршілік ішінде бос уақыт тауып балаға
ерекше қарау керек. Атап айтқанда
балалардың сабағына, тәрбиесіне,
мерекелік
іс-шараларға жиі қатысу
керек. Адамды құрметтеуді үйрету,
көктемде
көшеттер, жеміс ағаштарын
отырғызуға,
еңбекке баулу, шөп шабу,
қой қырқу, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар,
жүгіру, велосипед тебу, табиғат аясына
серуендеу,
спорттық іс-шаралар тағы
басқаларды
бала әкеден үйренуі тиіс.
Ұлы грек философы Аристотель
«Ана өсіреді, әке үйретеді» деп айтқан.
Құрметті ардагерлер, әкелер! Қазақстанның
жарқын болашағы өскелең ұрпақты
тәрбиелеуде дұрыс жол көрсетіп, бағдар
беруде аянбай еңбек етейік.
Мырзабек МАҢҒҰТОВ,
аудандық әкелер
кеңесінің
төрағасы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий