Біздің сүйікті дәрігер
Біз жыл сайын медицина
қызметкерлері күні қарсаңында
дәрігерлердің еңбектерін
ж о ғ а р ы б а ғ а л а п , м а қ а л а
жазамыз. Былтыр Тимур
Ильясұлын жазғанбыз. Тимур
И л ь я с ұ л ы б ү г і н г і т а ң д а
аудандық орталық аурухана
бас дәрігерінің орынбасары
болып, абыроймен еңбек
етіп келеді. Бүгінгі біздің
кейіпкеріміз Көрпетаев Есбол
Сәрсенбайұлы да ұжымға
с ы й л ы , қ а р а п а й ы м ә р і
кішіпейіл, өз жұмысына адал,
а у д а н ды қ о р т а л ы қ
аурухананың
ж а нсақтау бөліміндегі жоғары санатты анестезиолог әрі реаниматолог дәрігер. Оның
бұл ұжымда жұмыс жасап келе жатқанына 21 болыпты.
– 2005 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік
университетінің медицина факультетін бітірдім. Өзім Жаңатұрмыс ауылында
дүниеге келіп, осында ер жетіп, өсіп-жетілген азаматпын. Интернатураны
бітірген соң туған жерге қызмет етейік деген мақсатпен елге оралып,
аудандық орталық ауруханаға жұмысқа орнықтым. Мінеки, 21 жылдың
жүзі болыпты. 2012-2022 жылдар аралығында аудандық орталық аурухананың жан сақтау бөлімінде бөлім меңгерушісі болып
Біздің сүйікті дәрігер
еңбек еттім. Жан сақтау бөлімінде жұмыс жасау – оңай да емес. Неше түрлі жағдайлар да болып жатады. Бірақ өзімнің
жүрек қалауыммен таңдап оқыған мамандығым болған соң,
барлығына да төзесің және еңбек етеді екенсің. Бас дәрігеріміз
Айман Кенжебекқызы да өте талапшыл басшы. Ол дұрыс
деп пайымдаймын. Қазір аудандық орталық аурухананың
жан сақтау бөлімінде жоғары дәрежелі травматолог дәрігер
Ерлан Ергешұлы, жас болса да өзінің еңбекқорлығымен
көпшіліктің көңілінен шығып жүрген білікті дәрігер Дәулет
Болатұлы және өзге де дәрігерлер мен медбике әріптестермен
бірлесіп, еселі еңбек етіп келеміз,– дейді Есбол Сәрсенбайұлы.
Есбол Сәрсенбайұлы дәрігер ең алдымен өз мамандығына
адал болу керек дейді. Одан бөлек медицинаға оқуға барғысы
келетін жас түлектерге де өзінің кеңесін жеткізді. Яғни
дәрігер болу үшін адам алдымен:
– осы мамандықты ұнату керек;
– ұдайы оқып, іздену керек;
– жауапкершілікті түсініп, көпшілікпен тіл табысып
жұмыс жасай алуы керек, – дейді жоғары санатты
анестезиолог әрі реаниматолог дәрігер. 1 қыз, 3 ұл тәрбиелеп
отырған білікті дәрігер Есбол Сәрсенбайұлының қызы
Әсел де әке жолын таңдап, Қарағанды қаласындағы
университеттердің бірінде жалпымедициналық факультетте
оқып жатыр екен. 21 жылдық еңбек өтілі бар Есбол
Сәрсенбайұлы көптеген марапаттарды да иеленген. Оның
ішінде аудан, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен де
марапатталған.
