23 маусым – Қазақстан полициясы күні
13 ViewsАудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы, полиция капитаны Гүлжан Ниязқұлова біздің газетке мақалалар жазып тұрады. Әрдайым еселі еңбек етіп, халыққа қалтқысыз…
ӨТКЕН АПТАДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖҰМЫСПЕН
ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР
БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОБЛЫСТЫҚ
ОТБАСЫЛЫҚ ДАМУ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
ДАМИРА СҮГІРБАЙ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНҒА КЕЛДІ.
Іссапар аясында ол аудандық
Отбасын қолдау орталығының қызметімен
танысып, азаматтарға көрсетілетін
әлеуметтік-
психологиялық, құқықтық
және консультациялық қызметтердің
жүзеге асырылу барысын зерделеді.
Сондай-
ақ, орталық мамандарымен
кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың
нәтижелері мен алдағы кезеңге
жоспарланған міндеттерді талқылады.
Одан кейін аудандық мәдениет үйінде
мекеме басшылары мен жауапты
мамандардың қатысуымен жиын өтті.
Кездесуде отбасылық құндылықтарды
нығайту, халыққа көрсетілетін қызметтердің
сапасын арттыру, әлеуметтік
қолдау шараларын жетілдіру және
жоспарланған көрсеткіштердің орындалу
барысы қарастырылды.
Жиын барысында аудан прокурорының
орынбасары Қуанышбек Қартаңбайұлы мобильді топтардың
жұмысы туралы баяндап, алдағы
уақытта олардың қызметін күшейту
бағытында жұмыстар жүргізілетінін
атап өтті. Кездесу қорытындысында қатысушылар
өзара тәжірибе алмасып, бірлескен
жұмыстарды жүйелі түрде
жалғастыру, FSM Social платформасы
арқылы келіп түсетін сигналдарға жедел
әрекет ету және жоспарланған көрсеткіштердің
орындалуын қамтамасыз
ету бағытында пікір алмасты.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.