МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОЛЖАС БЕКТЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

19 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының биылғы
қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму
қорытындылары туралы есепті тыңдап, экономиканы одан әрі
әртараптандыру жоспарымен танысты.

Премьер-министр бірінші жартыжылдық
қорытындысы бойынша ішкі
жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін
баяндады. Экономика құрылымындағы
өңдеу
өнеркәсібінің үлесі – 9,8 пайызға,
көлік саласы – 7,1 пайызға, құрылыс
15,2 пайызға артты. Сондай-
ақ, сауда-саттықта – 5,7 пайыз, ауыл
шаруашылығында
– 4,4 пайыз және
байланыс
қызметінде 4,3 пайыз өсім
тіркелді. Негізгі капиталға тартылған
инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені
құрады. Соның ішінде жеке инвестиция
21,4 пайызға ұлғайды.
Олжас Бектенов ұлттық экономика
құрылымын нығайту жөнінде есеп
берді. Биыл өңдеу секторында 1,7
триллион теңгеге 200 инвестициялық
жоба іске қосылып, 17 мың жұмыс
орны ашылады. Үкімет басшысы ірі
автожол жобаларының жүзеге асырылу
барысы, Астана қаласындағы екінші
әуежайдың құрылысын және Tarlan
Astana көлік жүйесінің келесі кезеңін
жоспарлау туралы айтты. Пайдалануға
берілетін тұрғын үй көлемі 20 миллион
шаршы метрге жетпек. Ауыл шаруашылығындағы
өндіріс көрсеткіші 15
триллион теңгені құрап, егістік алқаптары
23,8 миллион гектарға дейін
ұлғайды. Шаруаларды қолдауға 1 триллион
теңге бөлінді. Бұл ретте бюджеттің
әр теңгесі 6,5 теңге жеке инвестиция
тартуға септігін тигізді.
Мемлекет басшысына Халықтың
табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуы және инфляцияны
төмендету шаралары туралы
ақпарат берілді. Маусым айында жылдық
инфляция деңгейі 10,3 пайызды
құрады. Президентке әлеуметтік және
көші-қон саясатын жетілдіру нәтижелері
туралы баяндалды, сондай-ақ,
жұмысқа орналасуға ынталандыру арқылы
әлеуметтік қолдау тетіктерінің
тиімділігін
арттыру тәсілдері таныстырылды.
Кейбір әлеуметтік төлемдерді
оңтайландыру нәтижесінде
жылына
800 миллиард теңгеден аса
қаржы үнемделеді. Кездесуде жылыту
маусымына дайындық мәселесіне
айрықша назар аударылды. Өткен
маусымның қорытындысы бойынша
бес жылу электр орталығы аса
жоғары тәуекелдің «қызыл» аймағынан
шығарылып, үш ЖЭО «жасыл
» аймаққа ауыстырылды. Биылғы
жөндеу жұмыстары 9 энергия
блогын,
55 қазандықты және 51 турбинаны
қамтиды. Аталған мақсатқа 384 миллиард
теңге бөлінген. «Энергетикалық
және коммуналдық секторларды жаңғырту
» ұлттық жобасы аясында жыл
соңына дейін 12 мың шақырым инженерлік
желі жөнделеді.
Президентке цифрландыру және
ұлттық АІ инфрақұрылымын дамыту
жөніндегі тапсырмаларының орындалуы
туралы мәлімет ұсынылды.
Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу
орталығы алқабы» жобасын іске
асыру мақсатында әлемдік ІТ көшбасшыларымен бірге қуаты 250 МВт
болатын инфрақұрылым жасақталатынын
айтты. Шетелден тартылған
инвестиция
көлемі 10 миллиард доллардан
асты. Мемлекет басшысына туризм көшбасинфрақұрылымын
жаңғырту жайында
есеп берілді. Алматы тау кластерін
дамыту
туризм саласының ІЖӨ құрылымындағы
үлесін арттырады. Almaty
SuperSki жобасының құрылысы жандана
түсті. 60 шақырым трасса құрылысы
аяқталғанда тәулігіне 10 мың
адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік
туады. Нысанды пайдалануға
беру 2028 жылдың желтоқсан айына
жоспарланған. Еліміз «Болашақ ойындары
– 2026» жарыстарын өткізуге
дайын.
Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға
сай қабылданып жатқан шаралар
туралы хабардар болды. Заңнаманы
Ата заңға сәйкестендіру, «Әділетті
Қазақстан» және «Заң мен тәртіп»
қағидаттарын
нығайту, әлеуметтік
саясатты
жетілдіру, Алатау қаласын
қарқынды
дамыту үшін құқықтық
негіз қалыптастыру, сондай-ақ, «Таза
Қазақстан» бастамасын ілгерілету
бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кездесу
соңында Қасым-Жомарт Тоқаев
елімізді өркендету бағытындағы жүйелі
қадамдарды жалғастыруды тапсырды.
Үкіметке әлеуметтік және
инфрақұрылымдық
нысандар салуға
арналған
ауқымды бағдарламаны қолға
алу міндеті жүктелді. Бұл бастама
ел азаматтарының тұрмыс сапасын
айтарлықтай
жақсартуға тиіс. Заманауи
денсаулық
сақтау нысандарын салуға
ерекше
назар аударылады.
AKORDA.KZ

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий