беріЖАҢАТҰРМЫСТА ЖАСАЛҒАН жұмыс жетерлік

24 Views

Мемлекет
басшысының
Жарлығына сәйкес, өткен сәрсенбіде
аудан әкімі Ернар Есіркепов
Жаңатұрмыс ауылдық округінің
тұрғындарымен кездесті. Кездесу
барысында аудан басшысы ауданда
атқарылып жатқан жұмыстарды
атап өтіп, ең әуелі аудандағы
агросаланың әлеуетіне тоқталды.

Ернар Серікәліұлы биыл өңірдегі
ауа райы жергілікті дихандарға қолайлы
болғанын жеткізіп, бидай бітік
шыққанын
айтты. Тіпті шаруаларға
мемлекет
тарапынан қолдаулар беріліп те жатқанын жеткізді. Аудан басшысы
инвестиция саласына қатысты
статистикалық мәліметтерді де тізбектеп,
кеңінен ақпарат берді. Алдағы
уақытта жүзеге асатын жобаларды да
таныстырды. Ал, Жаңатұрмысқа келер болсақ,
адалын айту керек, соңғы жылдары
ауылға көгілдір отын мен ауыз су тартылып,
көше асфальтталып, жарық
орнатылған.
Одан бөлек емдеу мекемесі,
зәулім спорт кешені салынып,
биыл Қаныш Сәтбаев атындағы орта
мектеп
күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде
білім ордасына қажетті құрал-жабдықтар
әкеліп, орнатылуда. Бұл да а у ы л ж ұ р т ш ы л ы ғ ы н ы ң ө т і н і ш —
тілегінің арқасында орындалып жатқан
жұмыстар. Аудан әкімі барлық
атқарылған
жұмыстарды атап өткеннен
кейін кезекті тұрғындарға берді. Ауыл
тұрғындары жаяу жүргіншілер жолын
салу, қыс мезгілінде тұрақты
түрде
көше жолдарын күтіп ұстау,
тұрғын
үй салу үшін жер телімдерін
үлестіру,
учаскелік инспекторлардың
ауыл аумағында тұруын қамтамасыз
ету, ауыл аумағында орналасқан
мемлекеттік
мекеме басшыларының
халық және ауыл ардагерлерінің алдында
есеп беруін ұйымдастыру ды мәселелер көтерілді. Сондай-ақ,
тұрғындар ескірген электр бағаналарын
ауыстыру, тегін дәрі-дәрмек алу процесін
жеңілдету, төрт түлікке арналған
ағын су мәселесін реттеу сынды мәселелерді
шешуді өтінді.

Аудан әкімі барлық мәселе жан-
жақты қаралатынын жеткізіп, ауыл
әкімі мен білім бөлімі басшыларына
бірқатар тапсырма берді. Сөз соңында
ауыл тұрғындарын сенбіліктер
мен
сан түрлі шараларға белсене
қатысуға
шақырды.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий