САРҚЫТ

18 Views

Әр халықтың өзін танытатын әрі
ұстанатын қасиетті салт-дәстүрлері бар.
Алланың аяты мен Пайғамбарымыздың
с.ғ.с. хадис шәріптерінен кейін орын
алатын қазақ елінің де ұстанған өз салт-дәстүрлері бар. Егер дәстүр жойылатын
болса, сол халықтың өзі де жойылары
сөзсіз. Біз кезекті мақаламызды дін мен
дәстүр сабақтастығына арнай отырып,
қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі
«Сарқыт» жайында бірер сөз қозғағанды
жөн санадық. Әңгіме барысында әуелі
мына жәйттарды айта кеткеніміз жөн
болар. Қазақ халқының салт-дәстүрі
Ислам дінімен біте қайнасып жатыр.
Осы орайда ҚМДБ-ның да осы мәселеге
(дәстүрлі ислам жолын ұстану) көңіл
бұрып жатқаны баршаға мәлім.
Оған дәлел, дінімізбен дәстүріміздің
сабақтастығын жалғастырып, бұл
бағытта көптеген туындылар жарық
көріп, басқа да шаралар жүргізіліп
жатыр. Сонымен тақырыбымызға арқау
болып отырған «Сарқыт» салтына тоқталайық.
Кейде ел ішінде кейбір адамдардың
«Сарқыт алып қалдым», «Сарқыт ала
келіңіз», «Сарқыттан ауыз тиіңіз»
деген сөздерін жиі естіп жатамыз.
Сарқыт атты дәстүрлі амалымыздың
(салтымыздың) мән-мағынасын төмендегідей жолмен түсіндіруге тырысайық.
Сарқыт дегеніміз – көпшілікке
арналып жайылған дастархандағы
дәмнің бір бөлігі. Сондай-ақ, қандай
да бір адамның белгілі бір жиынға,
той-қуаныштарға бара алмай қалып,
барғандардан аздап болса да бір сыбаға
дәметуін айтады. Нәтижесінде екі
тарап та, яғни беруші де алушы да бір-бірлеріне «Жұғысты болсын!» деген
тілектерін арнап жатады. Ал енді кейбір
жерлерде сарқытты ырым деп те атап
жататынын байқаймыз. Неге десеңіз,
тойдан алып қайтқан дәмді біздерге
жақсылық дарысын деп ауыз тигізіп
жатады. Сондай-ақ, үлкен кісілердің
алдынан қайтқан табақтан да «Біздерге
де жасын берсін, абыройын берсін» деп,
таласып тұрып жақсы ырымға балап,
ауыз тиген. Тағы бір жағынан қарастыратын
болсақ, арнайылап дайындалған тағамдар бұзылып та кетпейді
һәм ысырапшылдық болмайды. Неғұрлым адамдарға үлестірілген сайын
сансыз садақалардың сауаптары жазылып, тағамға еш обал да болмайды.
Өйткені Жаратушымыз Құран Кәрімде:
«Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап
етпең дер. Расында, Ол (Алла) ысырап
етуші лерді әсте ұнатпайды», – деп
бұйырады. («Ағраф» сүресі, 31-аят.)
Құрметті оқырман! Имамдық
тұрғыда білгенімізді азды-көпті
қағаз бетіне түсіргендей болдық.
Жасыратыны жоқ, бала кезімізде
ата-әжелеріміз біздерге талай сарқыт
әкеп, үлестіріп беріп жатқандығын
көз көрді. Сарқыт жеп, жақсы ырымға
балап, талай дәмнен ауыз тигеніміз
бар. «Сарқыт әкелдің бе?» деген сөздің
өзінде қаншама жылулық жатыр.
Бұл – қазақтың ең мейірімді дәстүрлерінің бірі. Сарқыт жай ас емес. Ол
береке мен мейірімнің жалғасы, адамдар
арасындағы рухани байланыстың
нышаны.
Сөз соңында айтарымыз, сарқыт
алған да әбестік емес, өйткені салтымызда бар. Әрі той қазақтың қазынасы
демейтін бе еді. «Осындай тойға,
қуа нышқа біздер де жете берейік»
дегеннің өзі дұға емей немене?! Біле
білсек, дұға мүмін нің қаруы. Әрбір
амалымыз ниеті мізге байланысты. Сол
үшін де айтарымыз, көнеден бүгін ге
дейін жеткен сан-салалы мәдениетімізді,
әдебиетімізді, тілімізбен тарихы мызды,
әдет-ғұрпымыз мен салт-дәстүрі мізді
бек сақтайық, құрметті халайық!

Үмбет Сабырханов, «Әл-Хақ» мешітінің имамы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий